Жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2019 жылғы № 73 бұйрығының 287) және 288) тармақтарына сәйкес «Жылыойгаз» ЖШС 2022 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдауды 21.04.2023 жылы сағат 15:00-де, Серіктестіктің әкімшілік кеңсесінде өткізетіндігін хабарлайды.
            Қосымша сұрақтар бойынша: 8(71237) 7-90-50, ішкі 150.

Нақтырақ

Қоғамдық тыңдау.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2019 жылғы № 73 бұйрығының 287) және 288) тармақтарына сәйкес «Жылыойгаз» ЖШС 2022 жылдың 1 жарты жылдық қорытынды есебін беру бойынша қоғамдық тыңдауды 27.07.2022 жылы сағат 15:00-де, Серіктестіктің әкімшілік кеңсесінде өткізетіндігін хабарлайды.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8(71237) 7-90-50, ішкі 150.

Нақтырақ


              Қазіргі таңда елімізде автокөлік жүргізушілерінің салғыртығынан жол көлік оқиғалары жиі болуда. Бұған басты себеп жылдамдықты асыру және жүргізушілердің жауапсыздық танытуынан болып отыр. Осындай апаттың арты кей жағдайда, жол үстінде қайғылы оқиғадан талай жанның тағдыры үзіліп жатады. Адамдардың көлік құралына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, пайдалану барысында қоғам өміріне, қоршаған ортаға, жеке мүлікке және газ желісіне қауіп төндіретін жағдайлар көбейгендігін байқауға болады.
    Жылыой ауданы бойынша  тұрғындар көлік құралдарына тізгендеу барысында, «Жылыойгаз» ЖШС мекемесіне тиесілі қолданыстағы газ желісіне зақым келтіретін фактілер жыл басынан бері жиі орын алуда. Осындай апаттар жеке тұтынушыларға зиян келтіретінін жүргізушілер түсінуі керек. Бұндай көлік құралдарын басқара алмай, апаттық жағдайдың салдары тұтас ықшам ауданның газды үздіксіз тұрақты пайдалануына кедергі келтіріп жатады. Кейбір тұрғындар болған апаттың орынан із суытып кететіндері қанша ма? Алайда, апаттың соңғы салдары құзырлы органдардың қылмыстық-іс қозғауымен аяқталатынын ескерген жөн.
    Жылыой ауданында осындай автокөлік құралына байланысты 2021 жылдың басынан бері он алты оқиға тіркелді. Оның басым бөлігі газ желісін қағып, зақым келтіру секілді жайттар. Жүргізушілердің жүгенсіздігінің кесірінен, оқиға орнынан қашып, кейінен куәгерлердің және бейнебақылау арқылы құзырлы органдардың араласуымен қанша көлік жүргізушілері айыппұл төлеп, шығынға ұшырағандары жетерлік. Мысалғы тамыз айының соңғы күндері яғни 26-күні Қосшағыл елді-мекенінде көше аралық дм50 газ желісін, шөп тиіелген КАМАЗ автокөлігі қағып кеткен. Ал, тамыздың 30-күні Құлсары қаласы, Барлаушы ықшам ауданындағы дм50 газ желісін КАМАЗ автокөлігі үзіп, көшеде орналасқан компенсатордың тіруіштерің майыстырып зақым келтірген. Автокөлік жүргізушілері өздеріне тым сенімді тәжірбиелі жүргізушілер қауіпті тәуекелге саналы түрде барып, өздеріне ғана емес, өзгелердің өміріне де үлкен қатер төндіреді. Айтылып отырған оқиғалар бірігейлері ғана. Ал сіздер біле бермейтін болып жатырған апаттар айтарлықтай жетерлік. Алайда, басты мәселе темір тұлпарды тізгіндегендердің салғырттық пен абайсыздық танытуынан болған оқиға үлкен апатқа әкеліп соқтырып, аудан тұрғындарына газды пайдалануға кедергі келтіріп отыр. Сондықтан көлік жүргізушілері түсінуі қажет, қандай да жағдай болмасын оқиға орнынан қашпай, құзырлы органдарға хабар беріп, «Жылыойгаз» ЖШС мекемесінің апаттық диспетчерлік бөлімшесі 104-ке хабардар етулеріңіз сұралады. Жауапкершілік әр адамның бойында болуы керек деп білеміз. Бізде заң бар. Ал заң баршаға ортақ. Ошағымызда от сөнбесін!


Орындаған: Туменбаев М
Тел: 8 71237 79050/127/87782525298

Нақтырақ

          
             Газ – бұл адам өмірін жеңілдетуге, сонымен қатар ол пайдалану кезінде, ережелер мен сақтық шараларды мұқият сақтауды талап ететін, жер қойнауынан келіп, әр түрлі өңдеуден өтіп, тұтынушыларға ұсынылып отырған табиғи байлық. «Жылыойгаз» ЖШС мамандары әрдайым тұрғындарды газды күнделікті өмірде пайдалану ережелерін сақтауды немесе тұтынушыларды үй жағдайында газды қалай қауіпсіз пайдалану керектігін ақпарат көздері арқылы, ескертпе жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда, тұрмыстық үй жағдайында қойылатын талаптарды тұтынушылар назарына ұсынсақта,  жерасты арқылы өтетін газ құбырлары, көше аралық жерасты құбырларынан келетін қауіп, қарапайым тұтынушылар көзіне түспейді. Бірақ ең үлкен қауіп қатер осы жерасты құбыры. Нақтылап айтсақ, құрылыс компаниялары, мердігер ұйымдар, қарапайым азаматтар рұқсатсыз жер қазу жұмыстарын жасап, газ құбырына тап болып, зақым келтіретін іс – әрекеттер орын алып жатады. Байқағанымыз бойынша құрылыс және жер қазу жұмыстарын бастағанда, ұйым басшылары ұқыпсыздық танытып, жұмыс жүргізудің бастапқы ережелерін сақтамай, инженерлік коммуникация ұйымдарының келісімін алмай жұмыс атқаруда.
Жер асты газ құбырлары болаттан және полиэтиленнен жасақталады. Жер қазу жұмысына пайдаланатын қондырғылар, келісімсіз жұмыс атқару кезінде газ құбырына бірден зақым келтіреді. Ал газ құбырлары зақымданса, газ құбырында терең сызат қалып, біраз уақыттан кейін, жұқару пайда болған жер соңында міндетті түрде бұзылып, жерасты арқылы жақын орналасқан құдықтарға, тұрғын үйлердің жертөлелеріне, тіпті жерастында жиналып, жарылыстар орын алды және жеке тұтынушылар, стратегиялық нысандар, әр түрлі ұйымдарға газ жеткізу мүмкін болмай, газ беру мәжбүрсіз тоқтатылады. Сол себептен   жерасты қазу жұмыстарын заңсыз жүргізу, қауіпсіздік ержелерін сақтамау тұрғындарға газ пайдалануда кедергі келтіреді. Аудан көлемінде осындай апаттар осы жыл басынан бері, айтарлықтай оқиғалар орын алуда. Осы айдың өзінде, бір қатар оқиғалар орын алды. Атап айтсақ, Қосшағыл елді-мекенінде жеке кәсіпкер кешкі сағат 18:40 шамасында жер қазу жұмыстарына арналған көлігімен жұмыс жасау барысында, дм 110мм полиэтилен газ құбырын тесіп алып, елді-мекен тұрғындарының газды пайдалануына кедергі келтірді және Құлсары қаласының 2-ауыл маңында мекеме өкілдері жер қазу барысында дм 160мм жер астында орналасқан газ құбырына зақым келтіріп, салдарынан сол маңайдағы тұрғын үйлер мен нысандарға газ беру тоқтатылды. Сонымен қатар, Достық ықшам ауданында құрылыс мекемесі жер учаскісіндегі коммуникацияларды анықтамай, жер астында орналасқан газ құбыры үстінен нысанды салып тастағаны белгілі болды. Ал, осындай салғырттық таныту, адам өміріне зиян келтіріп ғана қоймай, жан түршіктірер апаттарға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
Сол себепті, жер қазу жұмыстары жүргізген жағдайда және сақтық шараларын күшейту үшін, тұтынушылар мен ұйымдар өкілдеріне заң талаптарын ұсынамыз.  ҚР ҚН 1.03-00-2011 «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар салуды ұйымдастыру» заңының 6-тарауында:
•    Қолданыстағы жерасты коммуникациялар мен конструкциялар орналасқан жерлерді ашу жұмыстары осы коммуникацияларды пайдаланатын ұйымдармен бекітілген арнайы нұсқаулықтарды сақтау арқылы жасалуы керек.
•    Қолданыстағы жерасты коммуникацияларды қорғау ережелеріне сәйкес жұмысқа жауапты орындаушы үш күннен кешікпей жұмыс орнына қолданыстағы жерасты коммуникациялар мен орын-жайларды пайдаланатын ұйымның өкілдерін, ал жерасты коммуникациялар жоқ болған кезде – жобалық құжаттарды нақтылаған ұйымның өкілдерін шақыру керек.
•    Көрсетілген жерде пайдаланылатын коммуникациялар мен орын жайлар болмаған кезде тиісті ұйымдар ресми түрде бұл туралы орындаушыны хабардар ету керек.
•    Сол жерге келген коммуникацияларды пайдаланатын ұйым өкілдеріне жобалық құжаттар мен белгіленген қазудың осьі мен аумағы беріледі. Пайдаланатын ұйыммен қоса сол орында (тік қазу немесе басқа әдіспен) әрекеттегі жерасты коммуникациялар мен орын жайлардың нақты орналасу жері анықталады және жұмыс сызбасына салынады. Пайдаланатын ұйым өкілдері орындаушыға әрекеттегі жер асты коммуникациялар мен орын жайлардың бүтіндігін сақтауды қамтамасыз ету бойынша және ашылған жұмыстар туралы және қайта орға топырақ салу кезін куәландыру үшін шақыру қажеттілігі бойынша ұйғарым береді.
•    Жұмыс орнында коммуникациялар мен орынжайлардың жоқтығы туралы айтпаған әрі келмеген пайдаланушы ұйымдар тағы қосымша жергілікті атқарушы органды ескертіп, бір күн бұрын осы ұйым өкілдерін шақырады. Егер ұйым өкілдері тағы келмесе, онда жергілікті атқарушы орган бұдан арғы шараларды өз қолына алады. Сәйкесінше, шешім қабылданғанша, жұмысқа кірісуге болмайды.
•    Жұмысқа жауапты орындаушы жер қазатын машина жүргізушісіне қазу жұмыстарының тәртібі туралы айтып, топырақты механикалық жолмен қазу бойынша рұқсат берілген аумақтың шекарасын нақты анық белгілермен көрсетуге міндетті. Ал қалған топырақтың қалдығы қолмен өңделеді.
•    Жерасты құбырлары коммуникацияларының трассаларындағы және кабель желілеріндегі жұмысты жерасты коммуникацияларында немесе оларға тән нүктелерде орнатылатын және жергілікті жерден ақпарат алуға мүмкіндік беретін, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөмірі бар электрондық маркерлердің (RFID) зияткерлік құрылғысымен жүргізген жөн. Трасса іздейтін жабдықтың көмегімен маркерлерді сәйкестендіру кезінде оларды ГЛОНАСС немесе GPS арқылы МАЖ-бен байланыстыруды жүзеге асырған жөн.
Газ құбырында жерасты қазу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету және жерасты жұмыстары кезінде газ тарату желісінің басқа объектілерінің зақымдануын болдырмау үшін «Газ тарату жүйелері» «ҚР.ҚН 4.03-101-2013» заңына сәйкес, газ құбырының қорғалатын аймақтары сақталуы тиіс.
Жоғарыда айтылған заң талаптарын ескере отырып, жерасты қазу және басқа да жұмыс түрлерін жүргізуді жоспарлап отырған құрылыс-монтаждық ұйымдармен тұтынушылар назарына! Жер қазу жұмыстарын атқару үшін, инженерлік коммуникациялық ұйымдардан міндетті түрде техникалық шарт алуы тиіс және жазатайым оқиғаны болдырмау үшін, инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында, жер қазу жұмыстары заң шеңберінде атқарылуы тиіс екеніндігін ескертеміз. Егер жер қазу кезінде газ құбыры зақымдалған болса, сол мезетте толық жұмысты тоқтатып, қауіпті аймақтан адамдарды шығарып, «104» авариялық диспетчеріне хабарлап және жедел топтың келуін күту керек. Бұған дейін, өрт жағдайын тудыратын әрекеттер жасамай және ашық отты пайдаланбай. Қауіпті аймаққа бөтен адамдарды кіргізбеу керек.
Есіңізде болсын! Жерасты газ құбырының зақымдануы оқыс апаттарға, жарылыстарға, өрттердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Өзіңізге және жақындарыңызды апаттан аман сақтайық!

Дайындаған: «Жылыойгаз» ЖШС- нің
Газ техникалық инспекторы Түменбаев.М
Телефон:79050 /127/

Нақтырақ

                
                   Жаздың соңғы күні аяқталып, күздің алғашқы күндері өтуде. Қара күздің суық мінезі мен қыстың ызғарлы аязы мазамызды алатыны анық. Ал, біз қарапайым тұрғындар жылу беру маусымына дайынбыз ба?  Сондықтанда жылу беру маусымы басталмас бұрын, аудан тұтынушыларына қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында тақырып қозғамақпыз. Жалпы аудан тұрғындары газ қауіпсіздік талаптарына аса мән бермейтінін өз көзімізбен көріп, бақылап келеміз. Осындай салғырттық танытқан тұтынушылармен «Жылыойгаз» ЖШС мамандары түсіндерме жұмыстарын жүргізіп және ауылдық елді- мекендерге барып, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуын бақыласада, көгілдір отыннан зиян шеккен адамдар азаймай отыр. Әр тұтынушы қауіпсіздік талаптарына және газ қондырғыларының жай-күйіне өзі жауап беретінін білген жөн. Ал газды дұрыс пайдаланбаса, қауіпсіздік ережесін сақтамаса, бақытсыздыққа душар етуі әбден мүмкін.
    Ауданымызда жыл басынан газға байланысты он үш жайт тіркелді. Оның алдынғы қатарында бұл газдан улану жағдайы болса, тағы бір жағдай тұтынушылардың салғырттық танытуынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болып отыр. Ал, тұтынушылар әлі күнге дейін өз денсаулығына қатер төнседе заңға қайшы әрекеттері басылмай отыр. Жылыой ауданында жиі кездесетін жағдайдың бірі, өз бетімен әрекет жасап газ қондырғылардың орнын ауыстыру және газ желілерін қозғау сынды әрекеттер жиі орын алып отыр. Кездейсоқ қауіп-қатерден аулақ болу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн. Ал, тұтынушылар заң талаптарына мойын сұнбай, газды қауіпсіз пайдалануда салғырттық танытса, нәтежиесінде өрт шығып, улы газға улану қауіпі арта түспек. Сондықтан «Жылыойгаз» ЖШС мекемесі аудан тұрғындарының өмірін сақтау үшін бұқаралық ақпарат көздері арқылы, улы газға улану секілді оқыс апатқа тап болсақ қандай шара қолданамыз және қауіпсіздік талаптары заңға сәйкес қандай?-деген сұраққа жауап беретін боламыз.
Техникалық ақау, салғырттық, өртке қарсы шаралардың қолданылмауы салдарынан тұрмыстық газ бен тұншықтырғыш газдан улану жағдайы көбірек тіркеледі. Өрттің салдарынан түзілетіндіктен, бұл газбен улану жабық ғимараттың өртенуі кезінде болады. Пештегі жарықтар, мұржалардың толып қалуы, бітеліп қалған құбырлар – бұлар улы газдың тұрғын үйлерге, бөлмелерге таралуына әкеліп соғады. Үйдегі бөлмелердің тар болуынан ауа алмасуы нашар болады да, улану қауіпі күшейе түседі. Ал, дәл осындай оқыс апатқа тап болып, өмірімізге қауіп төнген жағдайда, алғашқы көмекті қалай көрсетеміз?
Алғашқы көмек:
1. Улы газдың келуін тоқтатыңыз;
2. Жапа шегушіні таза ауаға шығарып, жатқызыңыз;
3. Киімінің түймесін ағытып, белдігін шешіңіз, тыныштандырыңыз да таза ауамен дем алдырыңыз ( газетпен желпіңіз, желдеткіш немесе кондитционер қосыңыз);
4. Егер зардап шегуші есінен танған болса, жүрегіне жабық массаж жасаңыз және жедел жәрдем келгенше немесе есін жинағанша жасанды демалдырыңыз;
5. Нашатыр спиртін иіскетіңіз не самай тұсына жағыңыз;
6. Аяғының астына жылытқыш қойыңыз;
7. Зардап шеккен адам есін жиып отырса, оны лоқсыту керек, содан кейін ыстық шай, кофе немесе қышқыл сусын (1литр суға 1 ас қасық ас содасы қосылған) ішкізіңіз;
Бұл әрекеттер уланушының есін жинауына және ағзадағы көмірқышқыл газын шығару үшін зат алмасуды жақсартуға бағытталған. Есіңізде болсын, зардап шегушіні қауіпті аймақтан шығару кезінде, алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңізді, уланып қалмауыңызды ойлаңыз. Ол үшін тез қимылдау керек және орамалмен мұрынды байлап алу керек екендігін ұмытпаңыз.
Осындай улану секілді, оқыс апаттан сақтану үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына сәйкес және ҚР.ҚН 4.03.101-2011 заң талаптарына сәйкес газды қауіпсіз пайдаланудың төмендегідей негізгі талаптары бар.
1.    Тұтынушы өзінің газ құбырлары мен қондырғыларына жылына кем дегенде бір рет арнайы рұқсаты бар мекемеге техникалық қызмет жасатуы тиіс. Сондай жұмыстарға газ құбырларын жағалап тексерту, апаттық краннан бастап барлық газ қондырғыларындағы крандардың арнайы жақпа маймен майлату, мұржаның қапталуын, түтін тартуын тексерту, желдеткіш көздерінің жұмыс жасауын тексеру, газ қондырғыларын, жылу қазанының қауіпсіздік автоматикасын, газ плиталарын тексерту және техникалық қамту жұмысы кезінде анықталып, қалпына келтіруге берілген ескертулерді мерзімінде орындау жатады.

2.    Газ құбырларында газдың жылыстауы мүлде болмауы керек, ондай жағдай орын алғанда   дереу газды краннан жауып, серіктестіктің тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық диспетчеріне 104 телефоны арқылы хабарлау, есік-терзелерді ашып бөлмені желдету, ашық от көздерін, ток көздерін пайдаланбау.

3.    Газ қондырғылары зауыттық үлгіде, қауіпсіздік автоматикасы жұмыс жасап тұруы міндетті.

4.    Жылу қазанының мұржасының қимасы оның қуатына сай болуы керек, яғни жылу қазанының мұржа шығатын орыны мен негізгі мұржаның қимасы бірдей болуы керек немесе үлкен болуы керек. Мұржа сыртынан жылу сақтайтын материалмен толық қапталуы керек. Мұржаның биіктігі талапқа сай болуы тиіс.

5.    Желдеткіш көздерін бітеп тастауға болмайды. Олар әрдайым жұмыс істеп тұруы, яғни ашық болуы керек.

6.    Газ қондырғылары орналасқан бөлме көлемі нормаға сай, яғни бөлме көлемі кем дегенде 7,5 текшеметр болуы керек. Себебі бөлме тар болғанда газдың толық жануына ауа жетпейді. Сол себептен газ түтіндеп жанып күйе көп мөлшерде бөлінеді.

7.    Газ таратушы мекеме рұқсатынсыз газ жүйесін жүргізу, қосу болмаса  өзгеріс енгізуге қатаң тыйым салынады.

8.    Жылу қазаны мен оның мұржасы жылына кем дегенде бір рет тексеріліп тазалануы керек.

9.    Газ қондырғыларын өз әрекетіне жауап бере алмайтын адамдардың немесе кішкентай балалардың пайдалануына жол бермеу.

«Жылыойгаз» ЖШС мекемесі әр тұтынушының газды қауіпсіз пайдалануын сұрайды. Тұрмыстық жағдайда қандайда жағдай болмасын міндетті түрде арнайы мамандардың көмегімен газ қондырғылардың жұмыс істеуіне көз жеткізген соң қолдану керек екендігін ескертеміз және берілген ескертулерді толық орындаған жөн. Адам өмірін жеңілдетуге арналған көгілдір отын, бірден дұшпанға айналатынын естен шығармайық!


Орындаған: Туменбаев М
Тел: 8 71237 79050/127/87782525298

Нақтырақ



           Жылдың қай мезгілінде де өз тұтынушыларын көгілдір отын мен қамтамасыз етіп отырған «Жылыойгаз» ЖШС-і табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуын талап етеді. Газды пайдалану ережелерін дұрыс сақталмау адам өміріне өте қауіпті. Еліміздің әр аймағында тұтынушылардың газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбауы салдарынан әртүрлі оқыс оқиғалар болып жатыр. Атап айтсақ, мұржаның қатып қалуы мен бөлме ішін газ плитамен жылыту, улану, газды ауа қоспасының атылуынан өртену және оның соңы кісі өлімімен аяқталып жатқандығын күнделікті баспасөз құралдары мен телеарналардан көріп, хабардар болып жүрміз.
Осындай  оқиғаның бірі Құлсары қаласында орналасқан көпқабатты ықшам ауданда орын алды.  Аудандық өрт сөндіру бөлімінің хабарлауымен, бесінші қабаттан өрт шығып жатқандығы жөнінде «Жылыойгаз» ЖШС мекемесіне хабар келіп түсті. Апаттық-диспетчерлік қызметкерлері оқиға орнына жетіп, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқарып, өрттің шығу себебін анықтады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жылу қазандығының ауа тартымы нашарлап, жылу қазандығына байланыстырылған газ шлангісі үзіліп, ашық от өртке ұласқандығы анықталды. Пәтер иесінің айтуы бойынша 2016 жылы бұл пәтерден қоныс аударғандығын, сол уақыттан бері пәтерде ешкім тұрмаған. Осы 2021 жылы наурыз айынан бастап, туған ағасына тұруға бергендігін, апаттық жағдай орын алға дейін бес күн бұрын үйге туған ағасы көшіп келгендігін мәлімдеді. Осы орайда тұтынушы жылу қазандығын тек қана бес күн пайдалағанына мән берген жөн. Бұлай айтуымыздың себебі тұтынушы қазандығын арнайы техникалық қамту жұмыстарын жасатпай. Газ жабдығының қауіпсіз жұмыс жасауына көз жеткізбестен пайдаланған.
Тағы бір оқыс оқиға осы көппәтерлі ықшам ауданда тіркелді. Бесінші қабатта орналасқан пәтерде анасы, қайын сіңлісі мен тоғыз айлық сәби газға уланып, ауруханадан бірақ шықты. Оқиға орнына барған «Жылыойгаз» ЖШС мекемесі мамандары жылу қазандығы талапқа сай емес орнатылғандығын, қауіпсіздік автоматикасы тікелей жалғандығын және мұржасы талапқа сай орнатылмағандықтан, жел ұйытқыған сәтте жылу қазаны сөніп қалып, улану жағдайына әкеп соқтырды. Тексеру жұмыстары кезінде тұтынушы өз еркімен жылу қазанындығын орнатып алғандығы  анықталды. Міне тұрғындардың газ қауіпсіздік ережесін сақтамайтынын немесе қасақана бұзатынын көрсетеді. Бұл жерде бір адам өз отбасына ғана емес, тұтас бес қабатты үй тұрғындарына қатер төндірді. Газ жабдығына салғырт қарау және қауіпсіздік ережесін сақтамаудың  соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы  әбден мүмкін еді.
Осыған орай апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында үйіміздегі газ қондырғыларын дұрыс пайдалану қауіпсіздіктің ең басты кепілі екендігін ескерте келе, төмендегідей қатаң тыйым салынған қауіпсіздік талаптарын тұтынушылардың есіне саламыз:
-газ тұтыну қондырғыларының құрылысына өзгеріс еңгізуге;
-өз еркімен газдандыру, газ тұтыну қондырғыларының орнын ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
-қауіпсіздік және реттеуші автоматикасының болмауы және жарақсыздығы, түтіндіктің тартымы болмағанда газды қолдануға;
-булықтарды жабуға, түтіндіктерді тазартуға арналған қалталар мен люктерді бітеуге;
-газ қондырғысы орнатылған бөлмелерде ұйықтап, демалуға;
-газ плитасын үй-жайды жылыту үшін пайдалануға;
-газ пештерінің қаланған  кірпіштерінің сылағының жарылуы байқалған кезде газды қолдануға;
-арнайы автоматикалық газ қондырғыларынан басқа жұмыс жасап тұрған газ қондырғыларын қараусыз қалдыруға;
-газды пайдаланып болғаннан кейін газ қондырғыларындағы және оған дейінгі крандарды ашық қалдыруға;
-газ таралған бөлмеде электр құралдарын қосып-ажыратуға, от жағу немесе темекі шегуге;
-мектепке дейінгі жастағы балаларға, сонымен қатар өз әрекетін бақылай алмайтын, құралдарды пайдалану ережесін білмейтін тұлғаларға газ құралдарын пайдалануға.
Тұтынушыларымызға газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауды және техникалық қамту жұмыстарына қарсылық білдірмеуді, газ таратушы мекеме мен тұтынушы арасындағы қатынастың әр дайым оң шешімін тапқан қалаймыз. Айтып келмейтін апаттан, сақ болайық!

Дайындаған: «Жылыойгаз» ЖШС- нің
Газ техникалық инспекторы Түменбаев.М
Телефон:79050 /127/

Нақтырақ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің Шекті бағаға келісім беру хабарламасы туралы 30.07.2021 жылғы №6-03/942 шығыс хаты бойынша 2021 жылдың 1 тамызынан бастап табиғи газды жеткізу бағасы әр 1000 текше метрге ҚҚС-н қоспағанда төмендегідей болып бекітілді:
• -Жылыой ауданы бойынша коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін – 9 960,51 теңге;
• Жылыой ауданы бойынша өнеркәсіптік тұтынушылар үшін – 22 986,19 теңге;
• -Майкөмген селосы бойынша коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін - 12 763,38 теңге.
Нақтырақ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің Шекті бағаға келісім беру хабарламасы туралы 23.12.2020 жылғы №6-03/1354 шығыс хаты бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап табиғи газды жеткізу бағасы әр 1000 текше метрге ҚҚС-н қоспағанда төмендегідей болып бекітілді: • Жылыой ауданының тұрмыстық тұтынушылары үшін - 6 857,70 теңге; • Жылыой ауданы бойынша коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін – 9 308,89 теңге; • Жылыой ауданы бойынша өнеркәсіптік тұтынушылар үшін – 21 167,95 теңге; • Майкөмген селосының тұрмыстық тұтынушылары үшін – 9 069,70 теңге; • Майкөмген селосы бойынша коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін - 11 928,39 теңге.
Нақтырақ
  • 1
  • 2