Кеңес беру бойынша қызметтер
Мекеме менеджерлері сұрақтарыңызға қуана жауап береді және жеке ұсыныс дайындап қызмет көрсету құнының есептейді.Компания туралы
«Жылыойгаз» ЖШС ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті директорының 19 наурыз 2009 жылғы №65-ЖҚ бұйрығына сәйкес табиғи газды тұтынушыларға таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметі бойынша табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізімінің жергілікті бөліміне енгізілген болатын және осы саладағы қызметін 2009 жылдың 1 мамырынан бастады.
Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің Шекті бағаға келісім беру хабарламасы туралы 20.03.2026 жылғы №23-03-7/260 шығыс хаты бойынша 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап тауарлық газды жеткізу бағасы әр 1000 текше метрге ҚҚС-н қоспағанда төмендегідей болып бекітілді:
- Жеке тұтынушылар үшін (Жылыой ауданы бойынша) – 6 857,70 теңге.
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар) үшін (Жылыой ауданы бойынша) - 5 787,90 теңге.
- Майкөмген селосы бойынша тауарлық газды газ тарату жүйесінен бөлшек саудада өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) -9 069,70 теңге.
- Майкөмген селосы бойынша тауарлық газды халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикаcы компаниялары, Тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылар, Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар үшін – 14 039,72 теңге.
- Жылыой ауданында орналасқан: Тауарлық газды халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикаcы компаниялары, Тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылар, Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар, Тауарлық газды тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар үшін – 10 956,56 теңге;
- Теңіз қалашығында орналасқан заңды тұлғалар және өндірістік кәсіпорындар үшін – 36 131,60 теңге.
- Ірі коммерциялық тұтынушылар үшін – 33 142,24 теңге.
- Прорва ө/а бойынша тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылары үшін – 30 886,46
- Тауарлық газды тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар үшін - 32 945,09 теңге.
«Жылыойгаз» ЖШС әкімшілігі
