Қызмет түрлері

Көрсетілетін қызмет

«Жылыойгаз» ЖШС ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті директорының 19 наурыз 2009 жылғы №65-ЖҚ бұйрығына сәйкес табиғи газды тұтынушыларға таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметі бойынша табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізімінің жергілікті бөліміне енгізілді және оған мемлекеттік реттеу жүргізіледі.

«Жылыойгаз» ЖШС-нің негізгі қызмет түрі – Қазақстан Республикасының тұтынушыларына таратушы газ құбырлары арқылы табиғи газды тасымалдау.

Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 148, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі №112-НҚ Бірлескен бұйрығына сәйкес төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді.

  1. Өзге ұйымдарға тиесілі магистралды газ құбырларын техникалық қамту және жөндеу;
  2. Өзге ұйымдарға тиесілі таратушы газ құбырларын, сонымен қатар, үй-іші газ желілерін техникалық қамту және жөндеу;
  3. Өзге ұйымдарға тиесілі және газ тұтынушыларының меншігіндегі газ есептегіш құралдарын орнату және түсіру;
  4. Жеке тұлғаларға немесе өзге ұйымдарға апаттық-диспетчерлік қызмет көрсету;
  5. Тұтынушыларды газ желісіне қосу және айыру жұмыстары;
  6. Жеке тұлғаларға және өзге де ұйымдарға тиесілі жаңадан салынған газ таратушы газ құбырларын тексеруден өткізіп, қолданыстағы жүйеге қосу;
  7. Нысандарды газдандыруға техникалық шарт жасақтау;
  8. Газдандыру нысандарының құрылысын техникалық қадағалау;
  9. Таратушы газ құбырларына қосылған тұтынушыларға газ жеткізу;
  10. Құрылыс жобасының келісімі;
  11. Газды есептеу аспаптарын пломбалау;
  12. Газбен жабдықтау жүйелері мен оларға арналған қондырғыларды, сондай-ақ жер асты газ тарату құбырларын қорғау жүйелерін салу.

Возврат к списку