Жаңалықтар

Сіздерге, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 229 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы №96 "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 117 «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің үлгі шартын және Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шартын жариялаймыз.
Аталған шарттардың талаптарына сәйкес, «Жылыойгаз» ЖШС мен газды тұтынушылардың арасында жасалатын келісім- шарттар осы үлгіде жасалатындығын хабарлаймыз.

Нақтырақ

Жылыой ауданында «Жылыойгаз» ЖШС-ның ақпараты бойынша жария тыңдаулар өтеді

Қазақтан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Жылыойгаз» ЖШС-ның тауарлық газды бөлшек саудада өткізуге шекті бағасын алдағы уақытта көтеру туралы ақпаратын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді.

Жария тыңдаулар 2023 жылғы 15 желтоқсанда сағат 11.00-де Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Махамбет даңғылы, №54 («Жылыойгаз» ЖШС-ның әкімшілік кеңсесі) мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес өткізілетін болады.

Жария тыңдаулар бір уақытта Департаменттің ресми парақшасында да Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн-режимде өтеді https://www.facebook.com/profile.php?id=100049879130065.

Жария тыңдауларға онлайн қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» әлеуметтік желісінде «Атырау-Табиғи-Монополияларды Реттеу-Департаменті» атын енгізіп, іздестіруге болады және әрбір қатысушы онлайн режимінде сұрақ қоя алады.

Жария тыңдауларға депутаттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Департаменттің байланыс телефондары: 8(7122) 21-10-38, 21-10-39.

«Жылыойгаз» ЖШС-гі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің байланыс телефоны: 8 (71237) 7-90-50.


Нақтырақ

ХАБАРЛАНДЫРУ

             Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің  2023 жылдың 25 шілдесіндегі № 45-НҚ бұйрығымен «Жылыойгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 01.08.2023 – 31.07.2024  жылдарға арналған Прорва өндірістік аймағы бойынша таратушы құбыр жолдары арқылы табиғи газды тасымалдау тарифі  1000 текше метрге ҚҚС қоспағанда 13 039,14 теңге мөлшерінде бекітілді.

«Жылыойгаз» ЖШС әкімшілігі
25.07.2023 ж.

Нақтырақ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің  2023 жылдың 30 маусымындағы № 42-НҚ бұйрығымен «Жылыойгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2021 – 2025  жылдарға арналған  таратушы құбыр жолдары арқылы табиғи газды тасымалдау тарифінің деңгейіне өзгеріс енгізіліп, 1000 текше метрге ҚҚС қоспағанда 2 534,34 теңге мөлшерінде бекітілді.

«Жылыойгаз» ЖШС әкімшілігі
30.06.2023

Нақтырақ

Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімі аппаратында 2022 жылдың 7 қыркүйек күні "Жылыойгаз" ЖШС мекемесі газтехникалык инспекторы Адаев Асылхан Амантұрлыұлы мен газтехникалық қадағалау инженері Туменбаев Махамбет Жасанұлы жылу беру маусымы бойынша газды қауіпсіз пайдалану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Нақтырақ

Майкөмген ауылдық округі әкімі аппаратында 2022 жылдың 6 қыркүйек күні "Жылыойгаз" ЖШС мекемесі газтехникалык инспекторы Адаев Асылхан Амантұрлыұлы мен газтехникалық қадағалау инженері Туменбаев Махамбет Жасанұлы жылу беру маусымы басталар алдында газды тұрмыста қауіпсіз пайдалану туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп жиналыс өткізілді.
Нақтырақ

Табиғи газды тұрмыста пайдалану өте оңай болғанымен қауіпсіздік талаптарын аса мән берілмесе, соңы қайғылы жағдайға әкелетіні белгілі. Жылдың қай мезгілінде де өз тұтынушыларын көгілдір отынмен қамтамасыз ететін «Жылыойгаз» ЖШС табиғи газды пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын талап етеді. Өйткені ережені естен шығару – адам өміріне өте қауіпті.
Осы жаз мезгілінде  еліміздің әр аймағында тұтынушылардың газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбауының кесірінен әртүрлі оқыс оқиғалардың орын алуда. Сондай апаттың бірі Құлсары қаласы 3 мөлтек ауданында 18 үйде орын алды.  Алдымыздағы аптаның     27-ші жұлдызында сағат 19:30 шамасында жедел жардем бөлімшесіне газдан уланған азаматшаның ес түссіз жатқаны туралы хабар келіп түседі. Оқиға орнына барған жедел жәрдем өкілдері шұғыл түрде алғашқы көмек көрсетіп бірден уланған азаматшаны ауруханаға алып кетеді. Жедел жәрдем өкілдері арнайы органдарға бірден хабарлап тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Оқиға орнына барған «Жылыойгаз» ЖШС мамандары бірден тексеріс жұмыстарын жүргізіп.  Пәтер иесі үйінде 1,5 жасар қызы болады, бала ойнап жүріп газ плитанын құлағын ашып қойған, оны анасы байқамаған болып шығады. Сол кезде  көрші тұратын нағашы әжесі 1,5 жасар  немересін сыртқа ойнатуға алып кетеді, сол кезде үйде қалған пәтер иесі есікті кілтеп алып ұйықтап кетеді. Қайта оралған немересі мен әжесі есікті қағады, алайда есікті ешкім ашпайды.  Көрші тұратын інісі бірден әпкесін құтқаруға ұмтылып, қылтима (балкон) арқылы үй ішіне еніп есікті ашып жедел жардем шақырады. Қазіргі таңда зардап шеккен азаматшаның жағдайы бір қалыпты.
  Осындай улану секілді, оқыс апаттан сақтану үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына сәйкес және ҚР.ҚН 4.03.101-2011 заң талаптарына сәйкес газды қауіпсіз пайдаланудың төмендегідей негізгі талаптары бар.
1.    Тұтынушы өзінің газ құбырлары мен қондырғыларына жылына кем дегенде бір рет арнайы рұқсаты бар мекемеге техникалық қызмет жасатуы тиіс. Сондай жұмыстарға газ құбырларын жағалап тексерту, апаттық краннан бастап барлық газ қондырғыларындағы крандардың арнайы жақпа маймен майлату, мұржаның қапталуын, түтін тартуын тексерту, желдеткіш көздерінің жұмыс жасауын тексеру, газ қондырғыларын, жылу қазанының қауіпсіздік автоматикасын, газ плиталарын тексерту және техникалық қамту жұмысы кезінде анықталып, қалпына келтіруге берілген ескертулерді мерзімінде орындау жатады.

2.    Газ құбырларында газдың жылыстауы мүлде болмауы керек, ондай жағдай орын алғанда   дереу газды краннан жауып, серіктестіктің тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық диспетчеріне 104 телефоны арқылы хабарлау, есік-терзелерді ашып бөлмені желдету, ашық от көздерін, ток көздерін пайдаланбау.


3.    Газ қондырғылары зауыттық үлгіде, қауіпсіздік автоматикасы жұмыс жасап тұруы міндетті.


4.    Жылу қазанының мұржасының қимасы оның қуатына сай болуы керек, яғни жылу қазанының мұржа шығатын орыны мен негізгі мұржаның қимасы бірдей болуы керек немесе үлкен болуы керек. Мұржа сыртынан жылу сақтайтын материалмен толық қапталуы керек. Мұржаның биіктігі талапқа сай болуы тиіс.


5.    Желдеткіш көздерін бітеп тастауға болмайды. Олар әрдайым жұмыс істеп тұруы, яғни ашық болуы керек.


6.    Газ қондырғылары орналасқан бөлме көлемі нормаға сай, яғни бөлме көлемі кем дегенде 7,5 текшеметр болуы керек. Себебі бөлме тар болғанда газдың толық жануына ауа жетпейді. Сол себептен газ түтіндеп жанып күйе көп мөлшерде бөлінеді.


7.    Газ таратушы мекеме рұқсатынсыз газ жүйесін жүргізу, қосу болмаса  өзгеріс енгізуге қатаң тыйым салынады.


8.    Жылу қазаны мен оның мұржасы жылына кем дегенде бір рет тексеріліп тазалануы керек.


9.    Газ қондырғыларын өз әрекетіне жауап бере алмайтын адамдардың немесе кішкентай балалардың пайдалануына жол бермеу.


«Жылыойгаз» ЖШС мекемесі әр тұтынушының газды қауіпсіз пайдалануын сұрайды. Тұрмыстық жағдайда қандайда жағдай болмасын міндетті түрде арнайы мамандардың көмегімен газ қондырғылардың жұмыс істеуіне көз жеткізген соң қолдану керек екендігін ескертеміз және берілген ескертулерді толық орындаған жөн. Адам өмірін жеңілдетуге арналған көгілдір отын, бірден дұшпанға айналатынын естен шығармайық!
«Жылыойгаз» ЖШС газ техникалық инспекторы – Адаев А
Тел: 8 71237 79050/127

Нақтырақ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі  табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Жылойгаз» ЖШС-нің 2021 жылғы бекітілген инвестициялық бағдарламасы мен тарифтік сметасы бойынша  атқарған жұмыстарымен  таныстыру мақсатында баспасөз турын өткізді.

Медиа-тур Құлсары қаласындағы «Жылыойгаз» серіктестігінің әкімшілік кеңсесінде өтті.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Ә.А.Төлеп, Ұйымдастыру бөлімінің мамандары Қ.Қабленова, Г.Исаева , Жылыой аудандық маслихат хатшысы  С.С.Таласов, «Жылыойгаз» ЖШС директоры Ғ.М.Жақашев және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. «Жылыойгаз» ЖШС директоры Ғ.М.Жақашев мәжілісті ашып, жүргізіп отырды. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Ә.А.Төлеп өткізіліп жатқан баспасөз турының мақсатын түсіндіріп, қысқаша таныстырды.

Бұдан соң «Жылыойгаз» ЖШС директоры Ғ.М.Жакашев өткен 2021 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

- «Жылыойгаз» ЖШС ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті директорының 19 наурыз 2009 жылғы №65-ЖҚ бұйрығына сәйкес тауарлық газды тұтынушыларға таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметі бойынша табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізімінің жергілікті бөліміне енгізілген болатын және осы саладағы қызметін 2009 жылдың 1 мамырынан бастады. Серіктестік Жылыой ауданы тұтынушыларын көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекеме, яғни «Теңізшевройл» ЖШС Теңіз кенішінен игеретін табиғи газды сатып алып, таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдап, тұтынушылардың газ қондырғыларына дейін жеткізіп береді. Департаменттің 07.09.2020 жылғы №70-НҚ бұйрығымен 2021-2025 жылдарға арналған, жалпы құны – 454  987,78 мың теңгені құрайтын инвестициялық бағдарлама бекітіліп, ол – Атырау облысы бойынша Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен келісілді. Инвестициялық жұмыстарға тоқталып  өтсек: №4-автоматты газ тарату бекетіне газ жылыту торабын ауыстыру бойынша; Газ жылыту торабы сатып алу және осы сатып алынған құрылғыны орнату және желілерін қосу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары. Атап айтсақ, Қосшағыл елді-мекенінде орналасқан №4АГТБ ауыстырып, іске қосылып, қолданысқа берілді. №2-автоматты газ тарату бекетінен КУ №8 К дейін d500 мм орташа қысымды газ құбырына ауыстыру мақсатында d500 мм болатын ұзындығы 500 метр болатын ПЭ құбырын  сатып алынды. Серіктестік тарапынан 2021 жылға бекітілген Инвестициялық бағдарламаны толықтай орындалды, - деді Ғалым Мусиұлы.

Жиналыста Жылыой аудандық мәслихатының хатшысы С.Таласов сөз алды:

- Мен осындай баспасөз-тур ұйымдастырып отырған Департаментке және «Жылыойгаз» ЖШС басшысына алғысымды білдіремін. Орындалған инвестициялық бағдарламаға да көңілім толды. Жыл сайын негізгі қорларыңыз жаңарып, қызмет сапасы жоғарылауда. Әйтсе де, мынадай ұсыныс айтқым келіп отыр: Жылыой ауданы халқының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, коммуналдық төлемдердің өсуіне түбегейлі қарсымыз. Нарық талабына сай «Теңізшевройл» ЖШС жыл сайын газдың сату бағасын көтеру саясатын ұстанады. «Жылыойгаз» ЖШС  аудандық мәслихатқа осы мәселеге араласып, қандайда болса шешімін алуға ұсыныс бердіңіздер. Сіздің ұсынысыңыз әлі де қаралу үстінде, бірақ тағы да Департамент тарапынан шаралар алу керек сияқты, - деді аудандық мәслихат хатшысы.

Бұған «Жылыойгаз» ЖШС директоры Ғ.М.Жақашев:

- Ұсынысыңыз  орынды. Бұл мәселені шешуге Департамент басшысы, облыс әкімі  араласатын болса, біз қарсы емеспіз. Жақын арада ұсынысымызды дайындап жолдаймыз,-деп жауап берді. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті басшысы Ә.А.Төлеп баспасөз мәслихатын түйіндеп сөз сөйледі. «Жылыойгаз» ЖШС бүгінгі медиа-турға жергілікті атқару билігін және халық депутаттарын қатыстырып отырмыз . Себебі 2021 жылға бекітілген инвестициялық қаражат табиғи газды тасымалдау тарифінің құрылымында болғасын, не үшін, қай бағытта жұмсалғандығын зерделеп  қадағаласын дегенбіз. Бұл үрдіс табиғи монополия субъектілерінің ашықтығын көрсетеді, - деді Департамент басшысы.

Бұдан соң ол бүгінгі баспасөз мәслихатына қатысқан азаматтарға алғысын айтты.

«Жылыойгаз» ЖШС директоры Ғалым Жақашев та медиа-турға қатысушыларға алғысын білдіріп, өндірістік нысандарды аралауды ұсынды. Бұдан соң келген топ өндірістік нысандарды барып көрді.



С.Бақтығали

Нақтырақ
  • 1
  • 2