Газ – бұл адам өмірін жеңілдетуге, сонымен қатар ол пайдалану кезінде, ережелер мен сақтық шараларды мұқият сақтауды талап ететін, жер қойнауынан келіп, әр түрлі өңдеуден өтіп, тұтынушыларға ұсынылып отырған табиғи байлық. «Жылыойгаз» ЖШС мамандары әрдайым тұрғындарды газды күнделікті өмірде пайдалану ережелерін сақтауды немесе тұтынушыларды үй жағдайында газды қалай қауіпсіз пайдалану керектігін ақпарат көздері арқылы, ескертпе жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда, тұрмыстық үй жағдайында қойылатын талаптарды тұтынушылар назарына ұсынсақта, жерасты арқылы өтетін газ құбырлары, көше аралық жерасты құбырларынан келетін қауіп, қарапайым тұтынушылар көзіне түспейді. Бірақ ең үлкен қауіп қатер осы жерасты құбыры. Нақтылап айтсақ, құрылыс компаниялары, мердігер ұйымдар, қарапайым азаматтар рұқсатсыз жер қазу жұмыстарын жасап, газ құбырына тап болып, зақым келтіретін іс – әрекеттер орын алып жатады. Байқағанымыз бойынша құрылыс және жер қазу жұмыстарын бастағанда, ұйым басшылары ұқыпсыздық танытып, жұмыс жүргізудің бастапқы ережелерін сақтамай, инженерлік коммуникация ұйымдарының келісімін алмай жұмыс атқаруда.
Жер асты газ құбырлары болаттан және полиэтиленнен жасақталады. Жер қазу жұмысына пайдаланатын қондырғылар, келісімсіз жұмыс атқару кезінде газ құбырына бірден зақым келтіреді. Ал газ құбырлары зақымданса, газ құбырында терең сызат қалып, біраз уақыттан кейін, жұқару пайда болған жер соңында міндетті түрде бұзылып, жерасты арқылы жақын орналасқан құдықтарға, тұрғын үйлердің жертөлелеріне, тіпті жерастында жиналып, жарылыстар орын алды және жеке тұтынушылар, стратегиялық нысандар, әр түрлі ұйымдарға газ жеткізу мүмкін болмай, газ беру мәжбүрсіз тоқтатылады. Сол себептен жерасты қазу жұмыстарын заңсыз жүргізу, қауіпсіздік ержелерін сақтамау тұрғындарға газ пайдалануда кедергі келтіреді. Аудан көлемінде осындай апаттар осы жыл басынан бері, айтарлықтай оқиғалар орын алуда. Осы айдың өзінде, бір қатар оқиғалар орын алды. Атап айтсақ, Қосшағыл елді-мекенінде жеке кәсіпкер кешкі сағат 18:40 шамасында жер қазу жұмыстарына арналған көлігімен жұмыс жасау барысында, дм 110мм полиэтилен газ құбырын тесіп алып, елді-мекен тұрғындарының газды пайдалануына кедергі келтірді және Құлсары қаласының 2-ауыл маңында мекеме өкілдері жер қазу барысында дм 160мм жер астында орналасқан газ құбырына зақым келтіріп, салдарынан сол маңайдағы тұрғын үйлер мен нысандарға газ беру тоқтатылды. Сонымен қатар, Достық ықшам ауданында құрылыс мекемесі жер учаскісіндегі коммуникацияларды анықтамай, жер астында орналасқан газ құбыры үстінен нысанды салып тастағаны белгілі болды. Ал, осындай салғырттық таныту, адам өміріне зиян келтіріп ғана қоймай, жан түршіктірер апаттарға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
Сол себепті, жер қазу жұмыстары жүргізген жағдайда және сақтық шараларын күшейту үшін, тұтынушылар мен ұйымдар өкілдеріне заң талаптарын ұсынамыз. ҚР ҚН 1.03-00-2011 «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар салуды ұйымдастыру» заңының 6-тарауында:
• Қолданыстағы жерасты коммуникациялар мен конструкциялар орналасқан жерлерді ашу жұмыстары осы коммуникацияларды пайдаланатын ұйымдармен бекітілген арнайы нұсқаулықтарды сақтау арқылы жасалуы керек.
• Қолданыстағы жерасты коммуникацияларды қорғау ережелеріне сәйкес жұмысқа жауапты орындаушы үш күннен кешікпей жұмыс орнына қолданыстағы жерасты коммуникациялар мен орын-жайларды пайдаланатын ұйымның өкілдерін, ал жерасты коммуникациялар жоқ болған кезде – жобалық құжаттарды нақтылаған ұйымның өкілдерін шақыру керек.
• Көрсетілген жерде пайдаланылатын коммуникациялар мен орын жайлар болмаған кезде тиісті ұйымдар ресми түрде бұл туралы орындаушыны хабардар ету керек.
• Сол жерге келген коммуникацияларды пайдаланатын ұйым өкілдеріне жобалық құжаттар мен белгіленген қазудың осьі мен аумағы беріледі. Пайдаланатын ұйыммен қоса сол орында (тік қазу немесе басқа әдіспен) әрекеттегі жерасты коммуникациялар мен орын жайлардың нақты орналасу жері анықталады және жұмыс сызбасына салынады. Пайдаланатын ұйым өкілдері орындаушыға әрекеттегі жер асты коммуникациялар мен орын жайлардың бүтіндігін сақтауды қамтамасыз ету бойынша және ашылған жұмыстар туралы және қайта орға топырақ салу кезін куәландыру үшін шақыру қажеттілігі бойынша ұйғарым береді.
• Жұмыс орнында коммуникациялар мен орынжайлардың жоқтығы туралы айтпаған әрі келмеген пайдаланушы ұйымдар тағы қосымша жергілікті атқарушы органды ескертіп, бір күн бұрын осы ұйым өкілдерін шақырады. Егер ұйым өкілдері тағы келмесе, онда жергілікті атқарушы орган бұдан арғы шараларды өз қолына алады. Сәйкесінше, шешім қабылданғанша, жұмысқа кірісуге болмайды.
• Жұмысқа жауапты орындаушы жер қазатын машина жүргізушісіне қазу жұмыстарының тәртібі туралы айтып, топырақты механикалық жолмен қазу бойынша рұқсат берілген аумақтың шекарасын нақты анық белгілермен көрсетуге міндетті. Ал қалған топырақтың қалдығы қолмен өңделеді.
• Жерасты құбырлары коммуникацияларының трассаларындағы және кабель желілеріндегі жұмысты жерасты коммуникацияларында немесе оларға тән нүктелерде орнатылатын және жергілікті жерден ақпарат алуға мүмкіндік беретін, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөмірі бар электрондық маркерлердің (RFID) зияткерлік құрылғысымен жүргізген жөн. Трасса іздейтін жабдықтың көмегімен маркерлерді сәйкестендіру кезінде оларды ГЛОНАСС немесе GPS арқылы МАЖ-бен байланыстыруды жүзеге асырған жөн.
Газ құбырында жерасты қазу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету және жерасты жұмыстары кезінде газ тарату желісінің басқа объектілерінің зақымдануын болдырмау үшін «Газ тарату жүйелері» «ҚР.ҚН 4.03-101-2013» заңына сәйкес, газ құбырының қорғалатын аймақтары сақталуы тиіс.
Жоғарыда айтылған заң талаптарын ескере отырып, жерасты қазу және басқа да жұмыс түрлерін жүргізуді жоспарлап отырған құрылыс-монтаждық ұйымдармен тұтынушылар назарына! Жер қазу жұмыстарын атқару үшін, инженерлік коммуникациялық ұйымдардан міндетті түрде техникалық шарт алуы тиіс және жазатайым оқиғаны болдырмау үшін, инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында, жер қазу жұмыстары заң шеңберінде атқарылуы тиіс екеніндігін ескертеміз. Егер жер қазу кезінде газ құбыры зақымдалған болса, сол мезетте толық жұмысты тоқтатып, қауіпті аймақтан адамдарды шығарып, «104» авариялық диспетчеріне хабарлап және жедел топтың келуін күту керек. Бұған дейін, өрт жағдайын тудыратын әрекеттер жасамай және ашық отты пайдаланбай. Қауіпті аймаққа бөтен адамдарды кіргізбеу керек.
Есіңізде болсын! Жерасты газ құбырының зақымдануы оқыс апаттарға, жарылыстарға, өрттердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Өзіңізге және жақындарыңызды апаттан аман сақтайық!
Дайындаған: «Жылыойгаз» ЖШС- нің
Газ техникалық инспекторы Түменбаев.М
Телефон:79050 /127/
ЖЕР ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР!
Поделиться ссылкой:
