Газдан қауіп аз демеңіз



           Жылдың қай мезгілінде де өз тұтынушыларын көгілдір отын мен қамтамасыз етіп отырған «Жылыойгаз» ЖШС-і табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуын талап етеді. Газды пайдалану ережелерін дұрыс сақталмау адам өміріне өте қауіпті. Еліміздің әр аймағында тұтынушылардың газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбауы салдарынан әртүрлі оқыс оқиғалар болып жатыр. Атап айтсақ, мұржаның қатып қалуы мен бөлме ішін газ плитамен жылыту, улану, газды ауа қоспасының атылуынан өртену және оның соңы кісі өлімімен аяқталып жатқандығын күнделікті баспасөз құралдары мен телеарналардан көріп, хабардар болып жүрміз.
Осындай  оқиғаның бірі Құлсары қаласында орналасқан көпқабатты ықшам ауданда орын алды.  Аудандық өрт сөндіру бөлімінің хабарлауымен, бесінші қабаттан өрт шығып жатқандығы жөнінде «Жылыойгаз» ЖШС мекемесіне хабар келіп түсті. Апаттық-диспетчерлік қызметкерлері оқиға орнына жетіп, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқарып, өрттің шығу себебін анықтады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жылу қазандығының ауа тартымы нашарлап, жылу қазандығына байланыстырылған газ шлангісі үзіліп, ашық от өртке ұласқандығы анықталды. Пәтер иесінің айтуы бойынша 2016 жылы бұл пәтерден қоныс аударғандығын, сол уақыттан бері пәтерде ешкім тұрмаған. Осы 2021 жылы наурыз айынан бастап, туған ағасына тұруға бергендігін, апаттық жағдай орын алға дейін бес күн бұрын үйге туған ағасы көшіп келгендігін мәлімдеді. Осы орайда тұтынушы жылу қазандығын тек қана бес күн пайдалағанына мән берген жөн. Бұлай айтуымыздың себебі тұтынушы қазандығын арнайы техникалық қамту жұмыстарын жасатпай. Газ жабдығының қауіпсіз жұмыс жасауына көз жеткізбестен пайдаланған.
Тағы бір оқыс оқиға осы көппәтерлі ықшам ауданда тіркелді. Бесінші қабатта орналасқан пәтерде анасы, қайын сіңлісі мен тоғыз айлық сәби газға уланып, ауруханадан бірақ шықты. Оқиға орнына барған «Жылыойгаз» ЖШС мекемесі мамандары жылу қазандығы талапқа сай емес орнатылғандығын, қауіпсіздік автоматикасы тікелей жалғандығын және мұржасы талапқа сай орнатылмағандықтан, жел ұйытқыған сәтте жылу қазаны сөніп қалып, улану жағдайына әкеп соқтырды. Тексеру жұмыстары кезінде тұтынушы өз еркімен жылу қазанындығын орнатып алғандығы  анықталды. Міне тұрғындардың газ қауіпсіздік ережесін сақтамайтынын немесе қасақана бұзатынын көрсетеді. Бұл жерде бір адам өз отбасына ғана емес, тұтас бес қабатты үй тұрғындарына қатер төндірді. Газ жабдығына салғырт қарау және қауіпсіздік ережесін сақтамаудың  соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы  әбден мүмкін еді.
Осыған орай апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында үйіміздегі газ қондырғыларын дұрыс пайдалану қауіпсіздіктің ең басты кепілі екендігін ескерте келе, төмендегідей қатаң тыйым салынған қауіпсіздік талаптарын тұтынушылардың есіне саламыз:
-газ тұтыну қондырғыларының құрылысына өзгеріс еңгізуге;
-өз еркімен газдандыру, газ тұтыну қондырғыларының орнын ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
-қауіпсіздік және реттеуші автоматикасының болмауы және жарақсыздығы, түтіндіктің тартымы болмағанда газды қолдануға;
-булықтарды жабуға, түтіндіктерді тазартуға арналған қалталар мен люктерді бітеуге;
-газ қондырғысы орнатылған бөлмелерде ұйықтап, демалуға;
-газ плитасын үй-жайды жылыту үшін пайдалануға;
-газ пештерінің қаланған  кірпіштерінің сылағының жарылуы байқалған кезде газды қолдануға;
-арнайы автоматикалық газ қондырғыларынан басқа жұмыс жасап тұрған газ қондырғыларын қараусыз қалдыруға;
-газды пайдаланып болғаннан кейін газ қондырғыларындағы және оған дейінгі крандарды ашық қалдыруға;
-газ таралған бөлмеде электр құралдарын қосып-ажыратуға, от жағу немесе темекі шегуге;
-мектепке дейінгі жастағы балаларға, сонымен қатар өз әрекетін бақылай алмайтын, құралдарды пайдалану ережесін білмейтін тұлғаларға газ құралдарын пайдалануға.
Тұтынушыларымызға газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауды және техникалық қамту жұмыстарына қарсылық білдірмеуді, газ таратушы мекеме мен тұтынушы арасындағы қатынастың әр дайым оң шешімін тапқан қалаймыз. Айтып келмейтін апаттан, сақ болайық!

Дайындаған: «Жылыойгаз» ЖШС- нің
Газ техникалық инспекторы Түменбаев.М
Телефон:79050 /127/