Сұрақ-жауап

Жалпы мәселелер

Жауап: Қазақстан Республикасы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңының 3-тарау, 12-бап, 4-тармағына сәйкес Магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға арналған техникалық талаптарды осындай объектіні пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату немесе газ желісі ұйымы береді. Бұл ретте берілген техникалық шарттар газбен жабдықтау жүйелерінің жаңадан салынып жатқан, жаңғыртылатын және (немесе) реконструкцияланатын объектілерін жобалау үшін негіз болып табылады.

Жауап: Жоғарыда аталған заңның 3-тарау, 17-бап, 9-тармағына сәйкес

  1. тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік қағидаларын бұзған;
  2. газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері техникалық жарамсыз болған;
  3. тұтынушы газ жабдығын өз бетінше қосқан;
  4. газ тасымалдау немесе газ тарату немесе газ желісі ұйымының өкілдері газ құбырларына, газ жабдығына және есепке алу аспаптарына жіберілмеген;
  5. тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес жеткізіліп берілген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшін дебиторлық берешек болған жағдайларда, газ тасымалдау немесе газ тарату немесе газ желісі ұйымы бұзушылықтар жойылғанға дейін тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқылы.

Жауап: Жоғарыда аталған заңның 3-тарау, 19-бап, 3-тармағына сәйкес Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желісі ұйымымен не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.

Жауап: Тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желісі ұйымымен не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйым техникалық қызмет көрсете алады.

Жауап: Физикалық қасиетіне байланысты бір текшеметр газ өлшеу үшін ауаның температурасы 20 градус, атмофералық қысым 760 мм сынап бағанасы болуы керек, есептегіш құралы сыртта орналасқанда ондай шарт сақталмайды сондықтан жіберілген газдың көлемінде ауытқу болып таза өлшенбейді. Оның үстіне ҚР Үкіметінің 10 тамыз 2012 жылғы № 1041 қаулысына және ҚР ҚЕ 4.02 -16 - 2005 /құрылыс ережелері жинағы / сәйкес есептегіш құралы жылу қазанымен газ плиталары орналасқан бөлмеге орнатылуы тиіс.

Жауап: Қолданыстағы заңға сәйкес газ таратушы мекемеде тұрғындардың үй – мүлкін, денсаулығының қауіпсіздігін қажет болса өмірін сақтап қалу үшін авариялық диспетчерлік қызмет болуы керек. Ондай қызметке газ жүйелерімен қондырғыларын пайдалану жұмыстары бойынша аттестацияланған, квалификациясы бар адамдар тартылады және ақы төленеді. Олардың жалақысы мекеме бюджетінде жоспарланбайды.

Жауап: Жылу қазандығы орналасқан бөлменің көлемі 7,5 текше метрден кем емес, төбесінің биіктігі бөлме ішінен есептегенде 2,2 метрден кем емес, жасанды және табиғи жарық көзімен (ашылатын көзі бар терезе), желдеткіш жүйесімен қамтамасыз етілген, қабырғалары мен төбесі отқа төзімді материалмен қапталған болу тиіс. Әжетханаға немесе ванна орналасқан бөлмеге газ қондырғыларын орнатуға тиым салынады.

Жауабы: Газ плитасы орналасқан бөлменің көлемі: 4 комфорлы газ плитасы болған жағдайда 15 м³, 3 комфорлы газ плитасы болған жағдайд 12 м³, 2 комфорлы газ плитасы болған жағдайда 8 м³ кем емес, төбесінің биіктігі 2,2 метрден кем емес, жасанды және табиғи жарық көздерімен (ашылатын көзі бар терезе), желдеткіш жүйесімен қамтамасыз етілген, қабырғалары мен төбесі отқа төзімді материалмен қапталған болуы тиіс.

Жауабы: Газ қондырғыларында пайдаланатын табиғи газдың толық әрі дұрыс жануы үшін 10 есе артық ауа қажет болады. Мысалы: 1 м³ газ толық, дұрыс жануы үшін 10 м³ ауа қажет. Ауа қажетті бөлшерде беріліп дұрыс жанғанда (жалын көгілдір түсті болып жанады) табиғи газдың жануынан бөлініп шығатын газ зиянсыз болып есептеледі. Бірақ адам тыныс алуына жарамсыз, желдеткіш жүйелері арқылы сыртқа шығып кетуі тиіс. Егер, жанып жатырған табиғи газге қажетті ауа мөлшері жеткіліксіз болса, онда газ толық жанбайды (жалын қызғыш түсті болып, күйелеп жанады) және ауаға адам ағзасына өте зиянды, улы газ бөлініп шығады, және жарылу қаупі туындайды. Газ қондырғылары орналасқан бөлме терезесінің ашылатын көзін ашып желдетіп тұру қажет. Терезеден бөлмеге таза ауа кіріп, газ отынын жаққаннан бөлініп шыққан газдар мен су буы желдеткіш жүйе арқылы шығып кету керек. Сондықтан газ қондырғылары орналасатын бөлмелерге қойылатын талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Жауабы: Газ отынын пайдаланатын газ қондырғылары зауыттық, ҚР қолданылуға рұқсат етілген, сертификаттары бар болу тиіс. Жылу қазандықтары қауіпсіздік автоматикасымен қамтамасыз етілген боуы тиіс. Жылу қазандығының мұржасы отқа төзімді материалдан (кірпіш, металл құбыр т.б) жасалған болуы шарт. Мұржаның қимасы жылу қазандығы түтіндігінің қимасынан кем болмау керек. Металл құбырдан жасалған мұржаның сырты отқа төзімді материалмен қапталуы шарт.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларына» сай, Есепке алу аспаптарын тексеру техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде көрсетілген мерзімде аспаптағы тексеру аралығындағы аралыққа сәйкес, сондай-ақ мүдделі тараптардың бірінің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмән болған жағдайда жүргізіледі.

Есепке алу аспаптарын ұстауды, техникалық қызмет көрсетуді және тексеруді есепке алу аспабының иесі жүзеге асырады.

Есепке алу аспаптарының тексеру мерзімінің уақытын өткізіп алғанда, тұтынылған газдың көлемін:

  • тұрмыстық тұтынушылар үшін - тұтыну нормасы бойынша;
  • өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін - газ жабдығының қуаты бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларына» сай, есепке алу аспабы болмаған жағдайда, олардың жарамсыздығы не газ жабдықтары параметрлеріне сәйкессіздігі жағдайында тұтынған газ есебі:

  • тұрмыстық тұтынушылар үшін - тұтыну нормасы бойынша;
  • өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін - газ жабдығының қуаты бойынша жүргізіледі.

Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мыналарды қамтиды:

  1. газ жабдығын орнатудың және газ құбырларын тартудың газбен жабдықтау жобасына және абонент карточкасына сәйкестігін тексеру (визуалды түрде);
  2. газ құбырларына және газ жабдығына еркін қол жеткізудің бар-жоғын тексеру (визуалды түрде);
  3. газ құбырларының боялу және бекітілу жай-күйін, ғимараттың сыртқы және ішкі конструкциялары арқылы газ құбырлары тартылатын жерлерде футлярлардың болуын және тұтастығын тексеру;
  4. газ құбырларының және арматураның, тұрмыстық газ жабдықтарының герметикалық жалғанған жерлерін аспаптық әдіспен немесе сабынды эмулсиямен тексеру;
  5. газ жабдығының тұтастығы мен жарақталуын тексеру;
  6. газ құбырларында орнатылған крандардың жұмыс қабілеттілігі мен майлануын тексеру;
  7. түтіндік және желдеткіш каналдардың тарту күшін, газ жабдығын түтіндік каналымен жалғастырушы құбырлардың жай-күйін, жану үшін ауа ағымының бар-жоғын тексеру;
  8. тұрмыстық газ жабдығының крандарын бөлшектеу және майлау;
  9. тұрмыстық газ жабдығының қауіпсіздік автоматикасының жұмыс қабілеттілігін, оның жөнделгендігін және реттелгендігін тексеру;
  10. жанарғыны ластанудан тазалау, жабдықтың барлық жұмыс режимінде газдың жану процесін реттеу;
  11. газ жабдығының жекелеген тораптары мен бөлшектерін ауыстыру немесе жөндеу қажеттілігін анықтау;
  12. газ жанарғысының, жабдықты жандырғанға дейін және одан кейін түтін тартқыштың болуын міндетті тексеру туралы ескертетін түтіндікке жану өнімін бұратын аспаптардың қасында арнайы тақтайшалардың бар-жоғын тексеру;
  13. тұтынушыларға тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану қағидалары жөнінде нұсқау беру;
  14. шкафтағы реттеуіш пункттеріне, газ құбырларын тоттанудан қорғау қондырғыларына қызмет көрсету (олар болған жағдайда).

Техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың құны орындаушының қолданыстағы прейскурантының негізінде айқындалады. Шарт бойынша газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға ақы төлеу тапсырыс берушімен ай сайын (жылына бір рет) орындаушының шотына аудару жолымен жүргізіледі. Ақы төлеу шот ұсынылған айдың жиырма бесіне дейін ұсынылған шоттың негізінде жүргізіледі.

Төлем орындаушының шотына ақша түскен факті бойынша жасалған болып саналады.

Шарт бойынша ақы төлеу мөлшері тапсырыс берушіге тиесілі газ жабдығының саны немесе газ желілерінің ұзақтығы өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда, орындаушы өзгерістерді ескеріп, техникалық қызмет көрсету құнын қайта есептеуді жүргізеді.

Газ есептегіштерінің пайдалану құжаттарына сәйкес есептегіштердің конструкциясы барлық қондырғыларды жөндеу мүмкіндігін қарастырады, бірақ жөндеу жұмыстары тек арнайы  ұйымдардан немесе өндіруші зауыттан жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ, ҚР СТ 2.4-2007 өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сәйкес, өлшеу құралын жөндегеннен кейін, өлшеу құралын бастапқы тексеруден өткізу қажет.

Тұтынушының (тапсырыс беруші) техникалық шарты дайын болғаннан кейін жұмыс жобасына ақысын төлеген күннен бастап жұмыс жобасын дайындауға жобалау бөліміне жіберіледі.

Жобалау бөлімі аптаның бейсенбі күні Құлсары қаласы бойынша, жұма күні елді-мекендер бойынша тапсырыстарымен өлшеу жобалау жұмыстарын жүргізеді. Аптаның қалған дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері қаралып келген жұмыс жобалары жасақталынып сызылады.

Жұмыс жобасы сызылып болған соң жобалаушы мекеменің бөлім басшысымен және жобалау бас инженерімен бекітіліп, газ шаруашылығын пайдаланушы мекемеге келісімдеуге жіберіледі. Газ шаруашылығын пайдаланушы мекеме жүргізілетін газ желісінің талаптарға сай жобаланғанын және құрылыс материалдарының стандартқа сай таңдалғанын толық қадағалап, жұмыс жобасына келісім береді.

Егерде жұмыс жобасында қандайда бір қателіктер, талапқа сай емес жағдайлар кездескен жағдайда жұмыс жобасы қайта сызылуға кері қайтарылады.

Жұмыс жобасы тапсырыс берілген күннен бастап дайын болғанға дейінгі аралықта кемінде 8-10 жұмыс күні уақыты кетеді.

Апаттық диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың құны орындаушының қолданыстағы прейскурантының негізінде айқындалады.  Қызмет көрсету бағасы ай сайынғы төлемақыға қосылып есептелінеді.