Қауіпсіздік ережелері
«Жылыойгаз» ЖШС мекемесі апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында және тұтынушылардың денсаулығымен және тұрмыста газ қондырғыларын дұрыс пайдалану үшін «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 117 бұйрығы» және «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралыҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына» сәйкес жасақталған қауіпсіздік талаптарын ұсынамыз:
Тұрмыста тауарлық газды пайдаланатын болсаңыз, Сіз міндеттісіз:
- газ таратушы ұйымнан газды қауіпсіз пайдалану жөнінде нұсқаулықтан өтуге;
- газды пайдалану жөнінде нұсқаулығы (жадынамасы) болуға;
- газ жабдықтарын пайдалану ережелерін қатаң түрде сақтауға;
- газ жабдықтарының, желдеткіш көздері мен мұржалардың қалыпты жұмыс жасауын қадағалауға;
- жылу қазандығын қолданар алдында және жұмыс істеп тұрған уақытында мұржаның тартылу күшін тексеруге;
- газ пешін қолданар алдында мұржадағы ысырманы (шибер) толықтай ашылғанын тексеруге;
- мұржаны уақытылы тазалауға, қыс мезгілінде қатып, бітеліп қалмауы үшін мұржаның басын ай сайын тексеруге;
- мұржаның тарту күшін әр жылу беру маусымы басталар кезде мамандандырыллған ұйымға тексертуге;
- газды пайдаланып болғаннан кейін газ жабдықтарындағы және оның алдындағы крандарды жабуға;
- газ жабдықтарында ақау пайда болған жағдайда газ шаруашылығы ұйымының мамандарын шақыртуға;
- газ берілу кенеттен тоқтаған жағдайда газ жабдықтарының алдындағы крандарды жедел жабуға және 104 телефоны арқылы апаттық дипетчерлік қызметке хабарлауға;
- жертөлелерге кірер алдында жарықты қосардан немесе от жағардан бұрын газ исі жоқтығына көз жеткізуге;
- газ таратушы ұйымның мамандарын қызметтік куәліктерін көрсеткеннен кейін тәуліктің кез келген уақытында газ құбырлары мен газ жабдықтарын, есепке алу аспаптарын тексеру және жөндеу үшін кедергісіз кіргізуге;
- пәтерде 1 ай астам мерзімге болмайтындығыңыз туралы газ таратушы ұйымды хабардар етуге;
- газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсету шартын жасасуға;
- газды үнемдеп пайдалануға, оның ақысын уақытында төлеуге;
- нысандаы өз бетінше газдандыру, қайта монтаждау, монтаждау, құрылысын өзгерту және жөндеу (оның ішінде ауыстыру) жөніндегі жұмыстарды жүргізбеуге және оларды жүргізуге жол бермеуге;
- газ жабдығының алдындағы, немесе апаттық крандардың техникалық жағдайын үнемі қадағалап, оларға баратын жолды ашық ұстауға;
- газ жабдығын пайдаланудағы қауіпсіздік талаптары бұзылғандығы жөнінде газ таратушы ұйым берген ескертулермен ұйғарымдарды уақытында орындауға.
Пәтерден газ исі байқалған кезде Сіз міндеттісіз:
- газ жабдығын пайдалануды тез арада тоқтатуға;
- газ жабдығындағы және алдындағы кранды жабуға;
- бөлмені желдету үшін терезелерді ашуға;
- 104 телефоны арқылы апаттық дипетчерлік қызметті шақыруға (газданбаған үй-жайдан);
- от жақпауға, шылым шекпеуге;
- электр жарығы мен электр жабдықтарын қоспауға және ажыратпауға;
- электр қоңырауын пайдаланбауға.
Дәлізде, жертөледе, аулада, көшеде газ иісі байқалса, Сіз міндеттісіз:
- айналаңыздағыларға сақтық шаралары жөнінде хабарлауға;
- 104 телефоны арқылы апаттық дипетчерлік қызметті шақыруға (газданбаған үй-жайдан);
- газ таралған аумақтар адамдарды алыстату шараларын алуға;
- электр жарығын қосу мен ажыратпаудың, ашық от пен ұшқын пайда болуының алдын алуға;
- апаттық қызмет келгенше үй-жайларды желдетуді ұйымдастыруға.
Газ жабдықтарын пайдалану кезінде тыйым салынады:
- газ тарату ұйымының рұқсатынсыз үйлердіін (пәтерлерді, бақшадағы үйлерді) өз бетінше газдандыруға, газбен жабдықтау жүйесін өз бетінше қосуға, орнын ауыстыруға, газ жабдықтары мен есепке алу аспаптарын өз бетінше монтаждауға және бөлшектеуге, газ жабдықтарын, есепке алу аспаптарын ауыстыруға және жөндеуге, қосымша жабдықтарды, есепке алу аспаптарын монтаждауға;
- газ тарату ұйымының келісімінсіз газ аспаптары орнатылған үй-жайларды қайта жоспарлауға;
- газ аспаптарының құрылыстарына өзгерістер енгізуге;
- түтіндік және желдеткіш жүйелерінің қондырғыларын өзгертуге;
- желдеткіш арналарын желімдеуге, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеуге;
- қауіпсіздік және реттеу автоматикасын ажыратуға;
- газ аспаптарының, автоматиканың, арматураларының жарамсыздығы кезінде газды пайдалануға;
- газ орнатылған пештер мен түтіндіктер дұрыс қаланбағанда, сылақтарында жарықшақтар болғанда газды пайдалануға;
- түтіндік пен желдеткіш каналдарын тексеру және тазалау туралы актінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін газды пайдалануға;
- газ тарату ұйымынан нұсқаудан өтпей және рұқсат алмай, түтіндік пен желдеткіш каналдарын тазалауға, тексеруге;
- түтіндік пен желдеткіш каналдарының ауа тартқыштары болмаған кезде, желдеткіштер (фрамугалар), желдеткіш каналдарының торлары жабық болғанда газ құралдарын пайдалануға;
- үздіксіз жұмыс істеуге есептелген және осы үшін тиісті автоматикасы бар жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдыруға;
- мектеп жасына дейінгі балалардың, сондай-ақ өз әрекеттерін бақылай алмайтын және осы құралдарды пайдалану қағидаларын білмейтін тұлғалардың газ құралдарын пайдалануына жол беруге;
- газ құбырларына жіп байлауға және газ құбырларын жүктеуге;
- газды және газ аспаптарын мақсатқа сай емес пайдалануға, газ плиталарын үй-жайларды жылыту үшін пайдалануға;
- газ құралдары орнатылған үй-жайларды ұйықтау және демалу үшін пайдалануға;
- газдың жылыстауын айқындау үшін ашық отты қолдануға.
Газдан уланған адамға алғашқы көмек көрсету
Газ белгілі бір мөлшерде ауамен араласқан кезде жарылу қаупін туғызатындықтан, тұрмыста үлкен қауіпке ие. Сондай-ақ, газдың шала жануы кезінде улы газ бөлініп шығады. Мұндай газбен тыныс алу адамды қатты улануға немесе өлімге дейін алып келеді.
Газдан уланған адамды алдымен таза ауаға шығарады, басын аяғынан төмен салып жатқызады. Жедел жәрдем қызметін тез арада шақырады.
Газдан уланудың алдын алу шаралары
Газдан уланудың алдын алу үшін төмендегі сақтық шараларын орындаған жөн:
- газ жанып тұрған кезде ас үйде ұзақ уақыт отырмаңыз (әсіресе қарт немесе науқас кісілер);
- балаларға ас үйде ойнауға немесе сабағын дайындауға рұқсат етпеңіз;
- газ плитасын үй жылыту мақсатына пайдаланбаңыз;
- газ кранын барынша ашпаңыз;
- жалынның түсіне бақылау жасаңыз, газ дұрыс жанғанда жалын тегіс және көгілдір болып жанады, ал жалын сары немесе қызғылт болса, газ толық жанбай, бөлменің ішіне улы газ тарайды;
- жанып тұрған газ жабдықтарын қараусыз қалдырмаңыз;
- газ плитасын пайдаланған кезде терезе желдеткішін ашыңыз, ал ас үйдің есігін жабыңыз;
- газды сөндіргеннен кейін ас үйді 15-20 минутқа желдетіп алыңыз;
- газ плитасының үстіне орнататын арнайы ауа сорғыштарды пайдаланыңыз.
«ЖЫЛЫОЙГАЗ» ЖШС ЕСКЕРТЕДІ, ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗ ЖАБДЫҚТАРЫН ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУҒА ЖАУАПКЕРШІЛІК ПӘТЕР ИЕСІНЕ ЖҮКТЕЛЕДІ.
ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ АРҚЫЛЫ ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕСІЗ!!!