Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды «Жылыойгаз» ЖШС тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау реттеліп көрсетілетін қызметіне 2026-2030 жылдарға тарифін және тарифтік сметасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдауларға шақырады.
Жария тыңдаулар 2025 жылғы 21 қазанда сағат 11-00-де, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет данғылы 54, сондай-ақ параллелді түрде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Департаменттің ресми парақшасында онлайн-режимде өтеді (https://www.facebook.com/share/19DX5LmY1n/?mibextid=wwXIfrhttps://www.facebook.com/profile.php?id=10....
Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша кіруге болады. Әрбір тұтынушы онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7122) 21-10-39.
«Жылыойгаз» ЖШС-ның телефоны: 8 (71237) 7-90-50.
ЖАРИЯ ТЫҢДАУ
Поделиться ссылкой:
