Сұрақ-жауап

Жалпы мәселелер

Жауап: Қазақстан Республикасы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңының 3-тарау, 12-бап, 4-тармағына сәйкес Магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға арналған техникалық талаптарды осындай объектіні пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату немесе газ желісі ұйымы береді. Бұл ретте берілген техникалық шарттар газбен жабдықтау жүйелерінің жаңадан салынып жатқан, жаңғыртылатын және (немесе) реконструкцияланатын объектілерін жобалау үшін негіз болып табылады.

Жауап: Жоғарыда аталған заңның 3-тарау, 17-бап, 9-тармағына сәйкес

  1. тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік қағидаларын бұзған;
  2. газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері техникалық жарамсыз болған;
  3. тұтынушы газ жабдығын өз бетінше қосқан;
  4. газ тасымалдау немесе газ тарату немесе газ желісі ұйымының өкілдері газ құбырларына, газ жабдығына және есепке алу аспаптарына жіберілмеген;
  5. тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес жеткізіліп берілген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшін дебиторлық берешек болған жағдайларда, газ тасымалдау немесе газ тарату немесе газ желісі ұйымы бұзушылықтар жойылғанға дейін тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқылы.

Жауап: Жоғарыда аталған заңның 3-тарау, 19-бап, 3-тармағына сәйкес Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желісі ұйымымен не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.

Жауап: Тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желісі ұйымымен не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйым техникалық қызмет көрсете алады.

Жауап: Физикалық қасиетіне байланысты бір текшеметр газ өлшеу үшін ауаның температурасы 20 градус, атмофералық қысым 760 мм сынап бағанасы болуы керек, есептегіш құралы сыртта орналасқанда ондай шарт сақталмайды сондықтан жіберілген газдың көлемінде ауытқу болып таза өлшенбейді. Оның үстіне ҚР Үкіметінің 10 тамыз 2012 жылғы № 1041 қаулысына және ҚР ҚЕ 4.02 -16 - 2005 /құрылыс ережелері жинағы / сәйкес есептегіш құралы жылу қазанымен газ плиталары орналасқан бөлмеге орнатылуы тиіс.

Жауап: Қолданыстағы заңға сәйкес газ таратушы мекемеде тұрғындардың үй – мүлкін, денсаулығының қауіпсіздігін қажет болса өмірін сақтап қалу үшін авариялық диспетчерлік қызмет болуы керек. Ондай қызметке газ жүйелерімен қондырғыларын пайдалану жұмыстары бойынша аттестацияланған, квалификациясы бар адамдар тартылады және ақы төленеді. Олардың жалақысы мекеме бюджетінде жоспарланбайды.

Жауап: Жылу қазандығы орналасқан бөлменің көлемі 7,5 текше метрден кем емес, төбесінің биіктігі бөлме ішінен есептегенде 2,2 метрден кем емес, жасанды және табиғи жарық көзімен (ашылатын көзі бар терезе), желдеткіш жүйесімен қамтамасыз етілген, қабырғалары мен төбесі отқа төзімді материалмен қапталған болу тиіс. Әжетханаға немесе ванна орналасқан бөлмеге газ қондырғыларын орнатуға тиым салынады.

Жауабы: Газ плитасы орналасқан бөлменің көлемі: 4 комфорлы газ плитасы болған жағдайда 15 м³, 3 комфорлы газ плитасы болған жағдайд 12 м³, 2 комфорлы газ плитасы болған жағдайда 8 м³ кем емес, төбесінің биіктігі 2,2 метрден кем емес, жасанды және табиғи жарық көздерімен (ашылатын көзі бар терезе), желдеткіш жүйесімен қамтамасыз етілген, қабырғалары мен төбесі отқа төзімді материалмен қапталған болуы тиіс.

Жауабы: Газ қондырғыларында пайдаланатын табиғи газдың толық әрі дұрыс жануы үшін 10 есе артық ауа қажет болады. Мысалы: 1 м³ газ толық, дұрыс жануы үшін 10 м³ ауа қажет. Ауа қажетті бөлшерде беріліп дұрыс жанғанда (жалын көгілдір түсті болып жанады) табиғи газдың жануынан бөлініп шығатын газ зиянсыз болып есептеледі. Бірақ адам тыныс алуына жарамсыз, желдеткіш жүйелері арқылы сыртқа шығып кетуі тиіс. Егер, жанып жатырған табиғи газге қажетті ауа мөлшері жеткіліксіз болса, онда газ толық жанбайды (жалын қызғыш түсті болып, күйелеп жанады) және ауаға адам ағзасына өте зиянды, улы газ бөлініп шығады, және жарылу қаупі туындайды. Газ қондырғылары орналасқан бөлме терезесінің ашылатын көзін ашып желдетіп тұру қажет. Терезеден бөлмеге таза ауа кіріп, газ отынын жаққаннан бөлініп шыққан газдар мен су буы желдеткіш жүйе арқылы шығып кету керек. Сондықтан газ қондырғылары орналасатын бөлмелерге қойылатын талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Жауабы: Газ отынын пайдаланатын газ қондырғылары зауыттық, ҚР қолданылуға рұқсат етілген, сертификаттары бар болу тиіс. Жылу қазандықтары қауіпсіздік автоматикасымен қамтамасыз етілген боуы тиіс. Жылу қазандығының мұржасы отқа төзімді материалдан (кірпіш, металл құбыр т.б) жасалған болуы шарт. Мұржаның қимасы жылу қазандығы түтіндігінің қимасынан кем болмау керек. Металл құбырдан жасалған мұржаның сырты отқа төзімді материалмен қапталуы шарт.

Сұрақ қою

Мекеме менеджерлері сұрақтарыңызға қуана жауап береді және жеке ұсыныс дайындап қызмет көрсету құнының есептейді
Кодты енгізіңіз:
* - Міндетті өрістер