Компания туралы

«Жылыойгаз» ЖШС  магистралды және таратушы газ құбырларын пайдаланатын Атырау облысының Жылыой ауданындағы газбен жабдықтаушы компания.

Серіктестіктің негізгі мақсаты – тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз ету.

«Жылыойгаз» ЖШС ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті директорының 19 наурыз 2009 жылғы №65-ЖҚ бұйрығына сәйкес табиғи газды тұтынушыларға таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметі бойынша табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізімінің жергілікті бөліміне енгізілген болатын және осы саладағы қызметін 2009 жылдың 1 мамырынан бастады.

«Жылыойгаз» ЖШС-нің негізгі мақсаты:

  • таратушы газ құбырлары арқылы табиғи газды тасымалдау;
  • тауарлық газды жеткізуді ұйымдастыру;
  • газ тасымалдау активтерін басқару.

Табиғи газ Теңіз-Құлсары бағытындағы ұзындығы 126 км жоғарғы қысымды жер асты қимасы 1200 мм магистральді газ құбырымен тасымалданып, газ таратушы құбырлар арқылы Құлсары қаласы, Қосшағыл, Тұрғызба, Шоқпартоғай, Ақкиізтоғай елді мекендеріне және Теңіз вахталық қалашығына жеткізіліп беріліп отырады.

Майкөмген елді мекеніне «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы газ құбырлары арқылы тасымалданады.

«Жылыойгаз» ЖШС-і аудан тұтынушыларын  табиғи газбен толассыз, қауіпсіз, тұрақты  қамту үшін төмендегідей газ қондырғылары мен құбырлары пайдаланылады:

Газ тарату бекеттері (ГТБ): 4 дана.

ГТБ нөмірі

Орналасқан жері

Саны

№1

Құлсары қаласы

1

№2

Құлсары қаласы

1

№3

Жаңа Қаратон поселкесі

1

№4

Қосшағыл елді мекені

1

Шоқпартоғай, Тұрғызба елді мекендеріне табиғи газ  Жаңа Қаратон поселкесінде орналасқан газ тарату бекетінен таратылады.

Газ таратушы пункттері(ГРП, ШГРП): - 135 дана

Магистральді газ құбыры: - 1,7км

Орта және төменгі қысымды таратушы газ құбырлары: - 470,04 км

Ауданды газбен қамту: 100%

«Жылыойгаз» ЖШС-нің тұтынушыларының жалпы саны 18 мың көлемінде. Оның ішінде жеке тұрғындар 17 мыңнан астам және 700 ден аса өнеркәсіптік ұйымдар болып табылады.

Гос.лицензия ТОО Жылыойгаз на смр


Аттестат тех обслуживание